БҚУ-да Startup Orda инкубациялық бағдарламасы сәтті аяқталды

Соңғы екі айда университетімізде нағыз стартап рухы сезілді. Қатысушылар Коммерциализация орталығы және Astana Hub-тың өңірлік филиалы - Batys Hub-пен бірге идеядан бастап нақты өнімге дейінгі жолды өтті.

Екі ай ішінде қатысушылар тәжірибелі мамандардан менторлық қолдау, кәсіби, тұлғалық және кәсіпкерлік өсім алды.

Жобалар:

* HistHunt — студенттерге оқу мен ақпарат табуды жеңілдететін чат-бот.

* Jective — адамдарды, идеяларды және ресурстарды біріктіретін платформа.

* Mobiminds — оқу пәндерін тәжірибеге бағытталған форматта меңгеру.

* Uniclub — балаларды үйірмелер мен секцияларға тіркеуге арналған сервис.

* IQ — цифрлық кампус қосымшасы.

* Unistart — оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру құралы.

* ELVAC — электронды екпе паспорты.

Startup Orda — жай ғана бағдарлама емес. Бұл Батыс Қазақстан жастарына өз болашағын бүгіннен бастап қалыптастыруға мүмкіндік беретін алаң. Осы бағдарлама арқылы өңірдің стартап-экожүйесі нығайып, жас инноваторларға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.??

#БҚУ #StartupOrda #BatysHub #AstanaHub