Басқарма аппараты

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» ҚЕАҚ басқарма аппараты

Басқару аппаратының құрылымына келесі бөлімшелер мен бөлімдер кіреді:

  • Әкімшілік бөлімі
  • Заң секторы
  • Техникалық сектор
  • Шаруашылық қызмет
  • Күзет қызметі
  • Баспасөз қызметі.

Басқару аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерін, ережесін және лауазымдық нұсқаулықтарын басшылыққа алады. 

Басқарма аппаратының функциялары мен міндеттері: 

- профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарының, құрылымдық бөлімдер жетекшілері лауазымдарының конкурстан өткізуді ұйымдастыру;

- университет қызметкерлерін аттестаттау, әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің әскери есебін жүргізу;

- еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылау;

- құжат айналымын жүргізу;

- қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, университеттің шаруашылық қызметін құқықтық сүйемелдеу;

- оқу процесінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

- электр жылу шаруашылығына жедел қызмет көрсету;

- барлық оқу ғимараттары мен жатақханалардың өртке қарсы жай-күйі, қауіпсіздік техникасы және экологиялық жағдайды жақсарту;

- коммуналдық қызметтерді ұсыну, ҚТҚ шығару бойынша жеткізушілермен шарттар жасасу;

- ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттаманы жасау және тексеру, тендерге шығарылатын жөндеу-құрылыс және монтаждау жұмыстары бойынша қажетті құжаттарды дайындау, олардың сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру

- қойма арқылы өтетін барлық материалдық құндылықтарды сатып алу, дұрыс бөлу және жұмсау, қойма шаруашылығының жұмысын дұрыс ұйымдастыруды жолға қою;

- материалдық құндылықтардың келуі мен шығысы бойынша құжаттаманың дұрыс ресімделуін және пайдалану мерзімдеріне сәйкес есептен шығарылуын бақылау;

-барлық оқу ғимараттары мен жатақханалардың санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы жай-күйін, қауіпсіздік техникасын және экологиялық жағдайды жақсартуды қамтамасыз ету;

- М. Өтемісов атындағы БҚУ-де өткізілетін оқу, ғылыми, мәдени-бұқаралық, ақпараттық, мерекелік және өзге де сипаттағы іс-шараларды автокөлікпен қамтамасыз ету;

- персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және материалдық құндылықтарды қорғау;

-университеттің қызметі туралы пресс-релиздерді, бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзге де ақпараттық материалдарды ұйымдастыру және дайындау.