Буфет ашу үшін жалға беру туралы хабарландыру

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті №4 Студенттер үйінің (бірінші қабат) аумағындағы жылжымайтын мүлікті буфет ашу мақсатында жалға берілетіні туралы хабарлайды.

Мекенжайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 2/2.
Жалпы алаңы: 93,86 шаршы метр.
Айлық жалдау ақысы: 321 000 теңге.

Ғимарат жылыту, кәріз, электр жарығы және су жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Буфетке қажетті жабдықтарды жалға алушы өз есебінен сатып алады.

Жалға алушыларға қойылатын талаптар:

  1. Кәсіпкердің соңғы бір жылдағы құқықбұзушылықтар болмағаны туралы анықтама ұсынуы;
  2. Мемлекеттік сатып алу қатысушыларының тізілімінде болмауы;
  3. Жалдау мерзімі ішінде мүліктің сақталуын қамтамасыз етуі;
  4. Жалға алушының қызмет түрі қоғамдық тамақтану саласына сәйкес болуы;
  5. Буфет университеттің студенттері мен қызметкерлерін тамақтанумен қамтамасыз етуі тиіс;
  6. Университет басшылығының келісімінсіз қала тұрғындары мен ұйымдарына қоғамдық тамақтану қызметін (банкеттер, еске алу кештері және өзге де іс-шаралар) көрсетуге тыйым салынады;
  7. Нысан субаренда құқығынсыз жалға беріледі;
  8. Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы міндетті.

Құжаттарды қабылдау:

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
БҚО, Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы, 162, 107-кабинет.

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Байланыс телефоны: 8 775 490 40 42