Ғылым және ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімі

Ғылым және ЖОО-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі:

философия (PhD) докторы 

Какишев Мурат Галиханович.

Адрес: БҚО, Орал қ., Студенческая көш. 1, 205-кабинет

Телефон (жұмыс): 8 (7112) 26 - 03- 77

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

Бөлім өз қызметін университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастырып орындау саласында жүзеге асырады.

Бөлімнің мақсаты университеттің ғылыми, зерттеу және инновациялық қызметін  және магистратура мен докторантураға үміткерлерді қабылдауды ұйымдастыру болып табылады.

 

 

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы саясат пен университеттің ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін дамыту стратегиясын әзірлеп іске асыру;
  2. Басқа ғылыми-зерттеу мекемелері мен өндірістік кәсіпорындар, халықаралық қорлармен және ғылымды қолдау ұйымдарымен ынтымақтастық;
  3. Ғылыми жобаларды дайындап, оларды республикалық және халықаралық конкурстарға жіберу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  4. ҒЗЖ қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін іздеу жұмыстарын жүзеге асыру;
  5. Экология және биогеохимия сынақ зертханасы, археология, этнология және антропология, табиғи мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингінің, жас ғалымдар кеңесінің, студенттік ғылыми қоғамның және студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысын үйлестіру;
  6. Ғылыми мақалалар жинау және "БҚУ Хабаршысы" ғылыми журналының редакциялық алқасының жұмысын ұйымдастыру;
  7. ҒЗЖ және СҒЗЖ саласындағы факультеттердің, кафедралардың және ғылыми бөлімдердің жұмысын жоспарлау, үйлестіру және мониторингтеу;
  8. Университеттің ғылыми жетістіктерін насихаттап тарату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  9. Университет қызметкерлерінің Қазақстан мен жақын шетелдің жоғары оқу орындарында докторантурада және күндізгі аспирантурада оқуы мен олардың диссертациялық жұмыстар шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуіне жәрдемдесу;
  10. Үздік студенттік жұмыстар мен дарынды студенттердің СҒЗЖ, олимпиадаларға, халықаралық және республикалық конкурстарға дайындау, іріктеу және қатысу жұмыстарын ұйымдастыру.
  11. Магистратураға және докторантураға қабылдауды ұйымдастыруға (құжаттарды қабылдау, түсу емтихандарын ұйымдастыру);
  12. Ғылыми-зерттеу жұмыстардың, магистранттардың оқу бағдарламасын меңгеруінің мониторингін және бақылауын қамтамасыз етуге;
  13. Ғылыми жетекшілерді және магистрлік диссертациялардың тақырыптарын бекіту.
  14. Университет қызметкерлерінің жақын шетелдердің ЖОО-нда және ғылыми-зерттеу институттарында күндізгі аспирантурада және докторантурада түсуіне, оқуына және олардың диссертациялық жұмыстар шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуіне жәрдемдесу.