Сапа және аккредиттеу бөлімі

Бөлім жетекшісі: Кульжумиева Айман Амангельдиевна 

Сапа және аккредиттеу бөлімі М. Өтемiсов атындағы БҚУ-нiң құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін бөлімнің жұмыс жоспары және университеттiң сапа саласындағы саясаты негізінде жүзеге асырады.

Миссиясы: Жоғары оқу орнын басқарудың тиімді жүйесін құру.

Мақсаты: М. Өтемiсов атындағы БҚУ-нiң сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру және сапа саласындағы саясатты іске асыру.

Міндеттері:

- құжаттаманы жұмыс жағдайында ұстау;

- ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу;

- түзету іс-әрекеттерінің орындалуын бақылау;

- Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісіне қатысу үшін университет құжаттарын дайындау;

- сыртқы бағалау рәсімдерін жүргізу (аккредиттеу, лицензиялық талаптарды және білім беру саласындағы заңнаманы сақтау);

- сапаны қамтамасыз ету Комитетінің және университеттің сараптамалық комиссияларының жұмысын бақылау;

- бөлімше жетекшілеріне кеңестер беру;

- СМЖ саласында оқыту семинарларын өткізу.

Мекен-жайы: Орал қаласы, Аманжолов көшесi, 38; кабинет 15 және 20

Телефон: 8 (7112) 26-03-82, 50-41-51