Академиялық қызмет департаменті

Академиялық қызмет департаментінің директоры:

Тлесова Айгуль Бакытжановна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

 

Академиялық қызмет департаменті ҚР қолданыстағы заңнамалық актілерімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қызметкерлеріне арналған лауазымдық нұсқаулықтар туралы ережеге сәйкес қызмет  істейді.

Академиялық қызмет департаменті:

  • Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі;
  • Тіркеу офисі;
  • Білім беру бағдарламаларының жобалық кеңсесі;
  • Студенттерге қызмет көрсету орталығы;
  • Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы.

Департаменттің негізгі мақсаты:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру құжаттамасымен оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бакалавриат және магистратура деңгейлерінде оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру.

Академиялық қызмет департаменті атқаратын функциялары:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жұмыс жоспарларының, оқу үдерістерінің/академиялық күнтізбенің кестелерін, академиялық лектердің уақтылы жасалуын факультет декандары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері/кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып үйлестіру және бақылау;
  • университеттің және факультеттердің оқу үрдісін жоспарлауды үйлестіру;
  • академиялық лектерді құрастыру және үйлестіруге бақылау жасау (оқу сабағының түрлері бойынша);
  • білім алушылардың оқу құжаттамасының ресімделуін және берілуін бақылау (анықтамалар, транскрипт, білім туралы диплом);
  • ББ/кафедралардың оқу жүктемесінің сағаттарын, штаттық кестесін және ПОҚ оқу жүктемелерінің орындалуын факультет декандары,білім беру бағдарламалары жетекшілері/ қафедра меңгерушілерімен бірлесіп жасауын бақылау және үйлестіру;
  • бакалавриат және магистратураның барлық түрлерінде оқу үрдісіне бақылау жасау;
  • ПОҚ оқу сабақтары мен емтихандарын кестеге сәйкес өткізуіне бақылау жасау;
  • білім алушылардың оқу жетістіктері (жинақталған бағалар мен кредиттер,GPA есебі) бойынша ақпарат сақтау пен академиялық жазбаларды жинау, қалыптастыру бойынша бақылау жүргізу;
  • профессорлық-оқытушылық құрам мен білім беру бағдарламаларының оқу жүктемелерінің нәтижелерін қорытындылау (айлық, жарты жылдық, жылдық);
  • департаменттің жұмысына байланысты есептер дайындау.

АҚД мекен-жайы: Студенческая 1, №8 ғимарат, каб. 306